ЕуроОдақпен тауар айналымы $38 млрд жетті
Қазақстанға тартылған инвестицияның 40%-ы ал сыртқы сауданың шамамен 30%-ы ЕуроОдаққа тиесілі.
Тараптар экономикалық байланысты одан әрі дамытуға ниетті. Қазір ел аумағында 6 мыңға жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл туралы Әлихан Смайыловтың Еуропалық комиссияның вице-президентімен кездесуінде айтылды. Маргаритис Схинас Қазақстан Еуропалық одақ үшін маңызды серіктес екенін атап өтті. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асып жатқан реформаларды қолдайтынын жеткізді. Кездесу барысында қос тарап сауда-экономикалық қатынастарды нығайту жөніндегі қадамдарды талқылады. Былтыр арадағы тауар айналымы шамамен 5%-ға өсіп, 38 млрд долларға жуықтады.