Авиаотын тапшылығы авиацияға қолбайлау болды

Авиаотын тапшылығы және оның қымбаттығы еліміздің Азаматтық авиациясының дамуын тежеп отыр.

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты. Отандық әуежайлардың көрші елдер алдында бәсекеге қабілеттілігі төмендейді және транзиттік әлеуетке теріс әсер етеді. Жанармайдың тұрақсыздығына байланысты әуе тасымалдаушылары жаңа халықаралық рейстерді іске қосуды жоспарлай алмайды. Біздің өндірістік қуат авиаотынға деген қажеттілікті өтемейді, осыған байланысты оны Ресейден импорттауға тура келеді. Бұл мәселені шешу үшін министр жыл сайынғы авиаотын өндірісін миллион тоннаға дейін арттыруды ұсынды.