Қазақстан мен Мажарстан тауар айналымы 22% өсті
Қазақстан мен Мажарстан арасындағы тауар айналымы 22% өскен.
Биыл көрсеткіш шамамен 200 млн долларға жетті. Бұл туралы Тамаш Шуйокпен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізген Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Мемлекет басшысының айтуынша, екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардың берік негізі мен зор әлеуеті бар. Тараптар сауда-инвестиция, энергетика секторы, атом энергиясы және көлік-логистика сынды салаларды талқылады. Тамаш Шуйок Қазақстанмен жан-жақты байланыстарды дамыту Мажарстанның сыртқы саясатында айрықша орын алатынын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Бүгінде Қазақстан экономикасына 400 миллион долларға жуық инвестиция салған 35-тен аса мажар компаниясы жұмыс істеп жатыр. Біз қазірдің өзінде ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия, денсаулық сақтау, логистика мен қаржы салаларында 607 миллион долларға бағаланатын 20 бірлескен жобаны іске асырып жатырмыз.