Қ.Тоқаев Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директорымен кездесті

Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директоры Ли Кай Фумен кездесті, деп хабарлайды 24kz.

Тараптар жасанды интеллект, цифрлық трансформация, венчурлық инвестиция, стартаптар экожүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаһандық технологиялық серіктестерді тарту салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес жұмысына және Digital Bridge 2025 форумы аясындағы іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін Ли Кай Фуға алғыс айтты.