Қазақстан – Әзербайжан ынтымақтастығы

Түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтатын Нахичеван келісіміне биыл 16 жыл толды.

Көп ғасырлық бауырластық байланыстар нақты серіктестікке айналған. Мәселен, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы сауда айналымы 4,8 пайызға артты. Алыс-беріс жарты жылда 332 млн долларға жуықтаған. Әзербайжан бізден астық, алюминий, металл, химикаттар мен мұнай өнімдерін алып отыр. Елге көлік құрастыруға арналған жабдықтар, полиэтилен және азық-түлік өнімдері жеткізіледі. Мамандардың есебіне сүйенсек, жарты жылда импорт 72%-ға артып, 50 млн АҚШ долларына жуықтады. 

Мұндай өсімге турбореактивті қозғалтқыштарға, газ турбиналарына, қара металдардан жасалған жіксіз құбырлар мен өзге де тауарларға сұраныстың артуы себеп. Экспорт көрсеткіштері 282 млн доллардан асты. 

Қазақстан – Әзербайжан сауда қатынасы:

2024 (қаңтар – шілде)              2025 (қаңтар – шілде)                                 

Тауар айналымы – $316,5 млн               $ 331,7 млн        (+4,8%)

Экспорт –           $287,5 млн                    $281,7 млн             (-2%)

Импорт –           $29 млн                     $50 млн        (+72,3% ))