Еуропаға мұнай жеткізу оңай ма?

Былтыр елде өндірілген мұнайдың 68 млн 600 мың тоннасы экспортталды.

Басым бөлігі Каспий құбыр консорциумының еншісінде. Былтыр бұл бағытпен 54 млн 900 мың тонна мұнай Еуропа асты. Бұдан кейін “Атырау-Самара” магистралімен – 8 млн 800 мың тонна, “Атасу-Алашонькоу” арқылы 1 млн 200 мың тонна жөнелтілді. Ал Ақтау портынан танкерлерге тиелген қара алтын 3 млн 600 мың тоннаға жетті. Дегенмен, қазір Қара теңіздің солтүстігінде ахуал ушығып тұрғаны мәлім.

Сондықтан Қазақстан Каспий арқылы мұнай тасымалын көбейтуге күш салып отыр. Яғни Әзербайжан біздің маңызды серіктеске айналуы тиіс.

мұнай экспорты

КҚК – 54,9 млн тонна

“Атырау – Самара” – 8,8 млн тонна

“Атасу – Алашонькоу” – 1,2 млн тонна

Ақтау порты – 3,6 млн тонна

Нұрқанат Қанапия, тілші: 

- Қазақстан мұнай экспортын ұлғайтады. Бірақ қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұрғаны мәлім. Қысқа күнде қырық құбылған саясат біздің экспортқа да кесірін тигізуі әбден мүмкін. Былтыр 68 млн тонна қара алтын шетел асты. Ал биыл мұның көлемі 70 млн тоннадан асуға тиіс.  

Негізгі тұтынушы – Еуропа. Былтыр Италияға экспорт 27 пайыз ұлғайып, 31 млн тоннаға таяды. Бұдан кейін Нидерланды, Франция, Румыния мен Грекияның үлесі қомақты. 

МҰНАЙ ЭКСПОРТЫ

Италия – 30,7 млн тонна

Нидерланд – 7,6 млн тонна

Франция – 5,2 млн тонна

Румыния – 4,5 млн тонна

Грекия – 4,4 млн тонна

Экспорттың басым бөлігі Каспий құбыр консорциумына тиесілі. Құбыр Теңіз кенішінен Қара теңіз жағасындағы Новороссийскіге дейін барады. Былтыр осы жолмен 55 млн тонна мұнай тасымалданды. Алайда бұл жол төте болғанымен қауіп те көп дейді сарапшы. 

Каспий құбыр консорциумы

Теңіз

Астрахань

Новороссийск   

Айбар Олжай, сарапшы:

- Кезінде біз барлық өзіміздің күшімізді, логистикалық мүмкіндіктерімізді Каспий құбыр жүйесіне салдық. КТК деп аталады. Негізгі біздің әлеуетіміз, осы мұнайымыздың 80 пайыздан астамын сырт экспортқа жеткізіп отырған ол КТК құбыры. КТК құбырына қатысты геосаяси қауіптер көбейіп кетті.  

Иә, Еуропаға мұнай жеткізу оңай емес. Новороссийск қазір қақтығыс қызып тұрған аймаққа жақын. Яғни құбыр жұмысы күтпеген жерде тоқтап қалуы ғажап емес. Сол себепті ел билігі басқа жолдарды іздеуге кірісті. Кейінгі жылдары Қазақстан түбі бір түркі елдерімен қарым-қатынасты күшейтті. Соның арқасында Ақтаудан басталатын Баку-Тбилиси-Жейхан бағыты жанданды. Яғни қазақ мұнайы Әзірбайжан, Грузия арқылы Түркияның Жейхан қаласына жол тапты. Одан әрі Жерорта теңізімен кез келген жаққа жөнелтуге болады. Былтыр бұл жолмен 1 млн 400 мың тонна экспортталды. Биыл 1 млн 700 мың тоннаға жеткізу көзделген. 

БАКУ – ТБИЛИСИ – ЖЕЙХАН

АҚТАУ

БАКУ

ТБИЛИСИ

ЖЕЙХАН  

ЦИТАТА

Баку – Тбилиси – Жейхан бағыты – қазақстандық мұнайдың баламалы экспорт жолдарының бірі және біз оның әлеуетін біртіндеп арттыруға ниеттіміз. Осы орайда жеткізу көлемін арттыру, логистикалық процестерді оңтайландыру және қолданыстағы шектеулерді жою бойынша әрекеттер іске асырылады. Бұл Қазақстанның экспорттық тұрақтылығын, логистикалық қауіпсіздігін нығайтып, елдің халықаралық энергетикалық нарықтағы позициясын күшейтеді.

Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:

- Баку-Тбилиси-Жейхан бағытында 60 млн тоннаға дейін мұнай тасымалдауға болады. Ел билігі Қазақстан үлесін 20 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Ол үшін әрине логистикалық инфрақұрылымды нығайту қажет. Сонымен қатар Үкімет Ескене-Құрық мұнай құбырын қолға алады. Бұл жоба жарты қуатымен жұмыс істеп тұрған Баку-Жейхан бағытын барынша пайдалануға мүмкіндік береді. 

Айбар Олжай, сарапшы:

- Мүмкіндігіміз жетіп жатса, Құрық-Ескене, мына Қашағанның мұнайын Ескене деген жерден Құрыққа дейін құбыр тартып, Құрықтан Каспий теңізінің түбімен Әзірбайжанға дейін баратын бір құбыр салсақ, онда бізде белгілі бір КТК-ға үлкен альтернатива пайда болады. Бұл идея негізі Үкімет қабырғасында кәдімгідей қаралып жатқан дүние.  

Жоба 2029 жылға дейінгі даму жоспарында көрсетілген. Яғни Ескенеден басталған құбыр Құрық портына барады. Одан әрі теңіз арқылы Бакуге өтіп, Грузия, Түркия жерімен Жерорта теңізіне шығады. Ескене-Құрық арасындағы қашықтық 1000 шақырымға жуықтайды. 

Ескене – Құрық мұнай құбыры

Ескене

Теңіз

Құрық

Баку

Тбилиси

Жейхан  

Үкімет таяу жылдары мұнай өндірісін 100 млн тоннадан асыруды көздеп отыр. Соған сай экспорт та ұлғаяды. Бұл қазірден бастап тасымал бағыттарын көбейтуге міндеттейді. Осы тұрғыдан келгенде Баку Еуропаға ашылған қақпаға айналуға тиіс.

Нұрқанат Қанапия, Ырыстанбек Оспанов