Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы $343,3 млн-ға жетті

Бауырлас Әзербайжан елімен сауда байланысымыз бекем. Биыл қаңтар-тамыз айларында арадағы тауар айналымының көрсеткіші 343,3 миллион доллар болды, деп хабарлайды 24kz.

Негізінен қазақстандық экспорт басым. Әзербайжанға жөнелтілген тауарлар құны 290 миллион доллардан асады. Ал Қазақстанға келген импорт көлемі 52,5 миллион доллар шамасында.

Әзербайжанға жөнелтілген тауарлардың басында бидай тұр. Оған қоса, мұнай, күріш, арпа өнімдері экспортталған.

Импортталған тауарлар қатарында турбореактивті қозғалтқыштар, газ турбиналары, құбырлар, этилен полимерлері мен азық-түлік өнімдері бар.