Қазақстан – тоғыз жолдың торабы

Қазақстан – «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы жобаларды жүзеге асырып отырған көшбасшы елдердің бірі. Бұл – қытайлық сарапшылардың пікірі. 

Көрші елдің ғалымдары әсіресе көлік-логистикалық инфрақұрылым саласында атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға беріп отыр. Нәтижесінде қысқа мерзім ішінде Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы мен транзит көлемі бірнеше есе артты. Жуырда іске қосылған Достық–Мойынты теміржол бағыты жүк пойыздарының саны 12-ден 60 жұпқа дейін ұлғайды. Бұл қазақ-қытай бағытында тасымалданатын жүк көлемін 35 миллион тоннаға жеткізу жоспарына тікелей ықпал етеді.

Чжао Чжэн, Қытай халықаралық мәселелер жөніндегі академиясының сарапшысы:

- Қазақстан көлік хабын дамытуға және инфрақұрылымға белсенді түрде инвестиция салып жатқанын байқап отырмыз. Бұл – стратегиялық тұрғыдан өте маңызды қадам. Соңғы жылдары Еуразия кеңістігіндегі геосаяси өзгерістер мен транзиттік сұраныстың артуына байланысты сіздердің ел арқылы өтетін дәліздердің маңызы күрт артты. Қашықтығы қысқа, қауіпсіздігі жоғары бағыт қазір нақты коммерциялық арнаға айналып, дамудың кең мүмкіндіктерін айшықтап отыр.