Алтын бағасы құбылып тұр
Алтынның бір унциясы қазір 4350 долларға түскен. Десе де американың алпауыт банктері, алтынға сенім артып отыр.
Болжамға сенсек, келер жылдың соңында баға 5000 долларға жетуі мүмкін. Алтын бағасы осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан келетін тауарларға 100 пайыздық баж салығын енгізетінін мәлімдегеннен кейін күрт өскен болатын. Инвесторлар АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы қайта басталуы мүмкін деп қауіптенеді. Егер тараптар арасында жағдай ушықса, алтын қауіпсіз актив ретінде тартымды бола түседі. Өйткені баға шарықтайды. Ал сауда келісімі жасалса, баға төмендейді.
Екі елдің басшылары осы айдың соңында кездесуі мүмкін. Соған байланысты баға біресе түсіп, біресе АҚШ-тағы шатдаун әсерінен көтеріліп отыр.