АҚШ Иранға қарсы санкцияны күшейтті
Елдің Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, бұл жолы Ислам Республикасымен ынтықтастықта болып келген Ресей, Үндістан, Түркия және Сингапур компаниялары «қара тізімге» енген. Олардың көбі теңіз тасымалы және әуе қызметі бағытында қызмет атқарады.
Бұдан бөлек, Вашингтон Иранның бірқатар кемелері шектеулерді айналып өту үшін басқа елдердің жалған Туларын іліп, қолдан жасалған құжатпен жүретінін анықтаған.