Ресеймен арадағы жүк тасымалы артады
Ресей мен Қазақстан арасында теміржол тасымалының көлемі ұлғаяды.
Қыркүйекте Достық - Мойынты учаскесінде екінші жолдардың іске қосылуы және Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы транзит көлемінің артуы салаға серпін берді. Бұл туралы қос елдің ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 26-отырысында айтылды. Жиында "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізін дамытуға одан әрі жәрдемдесу туралы уағдаластыққа қол жетті. Сондай-ақ тараптар халықаралық жүк тасымалы кезінде қиындық тудыратын заң нормаларын түзетуге уағдаласты. Агроөнеркәсіп пен отын-энергетика, қаржы, мұнай және газ, атом энергетикасы, стандарттау және метрология, туризм мен білім беру, байланыс салаларындағы ынтымақтастық мәселесі де талқыланды.