Трансферт көлеміне қатысты құжат Мәжіліске қайтарылды

gov.kz

Өңірлерде әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту жобалары жүзеге асып жатыр. Ал оның әрі қарай іске асуы үшін тиісті шығындардың көлемін 17,5 миллиард теңгеге ұлғайту қажет.

Сондай-ақ алдағы үш жылда жергілікті бюджетке түсетін болжамды кірістерді, жаңа Салық кодексіне байланыстырып саралау қажет. Бүгін Сенаторлар «2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферлердің көлемі туралы» заңды қарап, оны Мәжіліске қайтарды. Енді депутаттар құжаттың жекелеген баптарын қайта қарайды.