Отандық өндірушілермен келісім-шарт 23% артты
Мемлекеттік сатып алу жүйесінде отандық компанияларға қолдау артып келеді.
Былтыр тауар өндірушілермен жасалған келісім-шарттар көлемі 23 пайызға артып, 460 млрд теңгеге жетті. Президент тапсырмасымен елде "Мемлекеттік сатып алу туралы" заң күшіне енген болатын. Реформа нәтижесінде сатып алу рәсімдерінің мерзімі қысқарып, қағазбастылық азайды. Рейтингтік-балдық жүйе мен жасанды интеллекет элементтері енгізілді. Жаңа заң қабылданғанға дейін конкурстық рәсімдер кемінде 60 күнге созылса, жаңа жүйе енгізілгелі бері 5 күнде аяқталады. Бұдан бөлек заңда қазақстандық компанияларға жеңілдіктер қарастырылып, тауарды жеткізу мерзімі 15-тен 60 күнге ұзартылды. Ал төлем мерзімі 30-дан 10 жұмыс күніне дейін қысқарды.