Д. Трамп Иранмен берік келісімді қалайды
АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранмен берік, мерзімсіз келісім жасауды қалайды. «Яғни ол болашақта АҚШ президенті кім болатынына қарамастан, Тегеранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеуі тиіс», – дейді. Ақ үй басшысы Fox News телеарнасына берген сұхбатында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды 24KZ.
Оның сөзінше, Иран бұған дейінгі уағдаластықтарды бұзып келген. Сондықтан енді ешқашан өзгертілмейтін келісім жасауды көздеп отырғанын айтады. Кеше Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи елдің уран қорына қатысты келіссөз жүргізуге дайын екенін, алайда оны шетелге шығармайтынын мәлімдеген еді. Ресми Тегеран елдің ұлттық мүдделері қорғалса ғана ымыраға келеміз деп отыр.