Қазақстан тығыз газ өндірісін іске қосады

Қызылордада өткен Құрылтайда Мемлекет басшысы жаңа газ кеніштерін ашу жұмыстары баяу жүріп жатқанын айтты. 

"Бұл тиімсіз жоспарлаудың тікелей салдары" деді президент. Былтыр біздің ел 4,5 млрд текше метр тауарлы газды импорттады. Яғни сырттан алған. Бұл қалай? Неге жаңа кешіштер ашуға ұмтылмаймыз. Мәселені қалай шешуге болады?

Мұндай кен орындарын игеру оңай емес. Тиісті технологияны жеткізу керек. Инвесторлар алғашқы жарты жылда барлау жұмыстарын жүргізеді. Бұл үшін 250 млн доллар жұмсалады. Кейін тығыз отынды қайта өңдеп, тауарлы газға айналдыру қажет. Демек, Созақ маңында газ өңдеу зауыты салынады. Оның құны есептеліп жатыр. Шамамен 1 млрд доллар болуы мүмкін. Ал жобаның серіктесі активтері 14 млрд доллардан асатын жеке халықаралық мұнай-газ компаниясы. Олар кен орнын кешенді түрде игеруге, заманауи өңдеу және тасымалдау инфрақұрылымын жасақтауға бейіл. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылады. Ең бастысы еліміздің оңтүстік өңірлері тұрақты газбен қамтамасыз етіледі. 

Сұлтанғали Кенжеқұлов,  «Kazakh Invest» ҰК» Басқарма төрағасы:

- Инвестор уже готов (аударма) Инвестор жергілікті мамандарды оқытуға дайын. Өйткені бұл біз үшін жаңа технология. Бұрын-соңды елде қиын өндірілетін газ игерілмеген. Жоба сәтті орындалса, инвесторымыз Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарындағы басқа да кен орындарын қамтуға ниетті.

Салаға толық циклды өндіріс қажет

Қазақстан ғана емес, жаһандық энергетика саласы табиғи газға тәуелді. Өйткені ол әлемдік энергия тұтынудың 25 пайызын қамтиды. Иә, газ ел экономикасының маңызды бөлігі. Көгілдір отынның экспорты да дамып келеді. Сарапшылар шикізатты игеруден бастап, дайын өнім шығаруға дейін толық циклды қамтуға мүмкіндік жеткілікті дейді. Яғни Қарашығанақтан алынатын газ да өзімізде өңделуі керек. 

Бұл үшін отандық газ өңдеу зауыттарының құрылысын жеделдету маңызды. Осы бес жылда жаңа нысандар Қашаған, Қарашығанақ, Жаңаөзенде салынады. Атыраудағы газ өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жобалар еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға, шикізатты терең өңдеуге және ішкі газ нарығын дамытуда басымдыққа ие. Жаңа кен орындарын барлау жұмысы да жалғасады.

Қашаған кен орнында 2 зауыт:

жылына 1 млрд м³

жылына 2,5 млрд м³

Қарашығанақ кен орнында

Жылына 4 млрд  м³

Жаңаөзен қаласында

жылына 900 млн  м³ 

Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:

- 2029 жылға дейінгі кезеңге жоспарланған ауқымды геологиялық барлау жұмыстары мен жаңа қуат көздерін іске қосу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Былтыр Қайыргелді, Тұзкөл және Тасболат жаңа газ кен орындары пайдалануға берілді. Тасболат кен орнын іске қосу Маңғыстаудағы Қазақ газ өңдеу зауытының қуатын толықтыруға мүмкіндік берді. 

Бүгінде елді мекендерді газдандыру деңгейі 64%-дан асты. Құзырлы министрлік инфрақұрылымды дамытуға 112 млрд теңгеден астам қаражат бөлген. Сөйтіп, 95 елді мекенде 350 мың азамат табиғи газға қол жеткізді.