Қазақстан банктеріндегі халық салымы 28 трлн теңгеден асқан
Былтыр еліміздегі банктердегі халық салымының көлемі 28 трлн теңгеден асқан.
Сарапшылар халықтың қаржылық сауатының артқанын айтады. Демек, ақша жинау мәдениеті қалыптасып жатыр. Тұрғындар көбіне мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттерін қолданады. Соңғы 5 жылда жеке азаматтардың жинақтағы ақшасы қалай өзгерді?
Айнұр Қуатқызы, тілші:
- Бүгінде ақша жинаудың әдісін тапқандар ұтып тұр. Отандастарымыз банк депозиттерінде былтыр 28 трлн теңгеден астам салым жинаған. Бұл 2024 жылғы жинақтан 3 трлн теңгеге көп. Ал осыдан 5 жыл бұрын азаматтардың депозитке салғаны 13 трлн теңге шамасында ғана болған. Мамандар қарашаның қаржылық сауатының артқанын осыдан-ақ байқауға болады деп отыр. Жалпы жұртшылықтың теңгеге сенімі зор. Осы орайда біз әлеуметтік желіде сауалнама жүргізіп көрдік. Салымшылардың басым бөлігі жиған-тергенін ұлттық валютада сақтағанды жөн көреді екен. Бұл ақшаның 80 пайызға жуығы теңгемен сақталса, қалғаны шетелдік валютаға тиесілі екенін байқадық. Тіпті құнды қағаздарға ақша салып, акция сатып алатындар да жетерлік.
Азаматтардың депозиттегі жинағы
2021 жылы - ₸13 триллион
2022 жылы – ₸ 17 триллион
2023 жылы - ₸ 20 триллион
2024 жылы - ₸24 триллион
2025 жылы – ₸28 триллион
Асан Ахметжан, ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметінің басшысы:
- Заң бойынша қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры бар. 01,45 Барлық қазақстандықтардың қазақстандық банктердені салымдары мемлекетпен қорғалған. Банк қандайда бір тығырыққа тіреліп бір жағдайға ұшырайтын болса, оған салынған қазақстандықтардың салымдары мемлекетпен кепілдендірілген.
Айнұр Қуатқызы, тілші:
- Бүгінде елімізде 23 екінші деңгейлі банктің 14-і депозит көлемін арттырса, 7 қаржы институтында кері динамика байқалды. Тағы екі банк – нарыққа жаңадан келген ойыншылар. сондықтан олар бойынша салыстырмалы статистика әзірге жоқ. Ал кері динамика көрсеткен банктерден халық 170 млрд теңгесін алып кеткен. Сарапшылардың басым бөлігі қазіргі жағдайда теңге шетелдік валютамен салыстырғанда ұтымды құрал екенін атап отыр. Жоғары пайыздық мөлшерлемелердің арқасында теңгедегі депозиттер жинақ құралы ретінде анағұрлым тиімді. Жылдық мөлшерлемесі 20 пайыздан асады. Бірақ ақшаңызды қалаған уақытта шешіп ала алмайсыз. Яғни банк сізден белгілі бір мерзімге дейін қарыз алады. Сол аралықта депозитке тиіспей, келісім-шарт аяқталғанша күтсеңіз, жоғары табыс алуға мүмкіндік бар.
23 екінші деңгейлі банк
14-і депозит көлемін арттырған
7 банкте кері динамика байқалды
2 жаңа банк бар.
Бекнұр Сейітжанұлы, экономист:
- Қазір доллар ұстағаннан пайда болмай тұр. Себебі доллар 1 пайыз береді. Ал теңгенің арқасында 18-20 пайыз беріп тұр. Алдында зерттеп едім былтырғылары жылы алтын бағасы өсті. Қазір алтынның да биткойнның да бағасы түсіп жатыр. Сондықтан бұл жерде қысқамерзімді қарау керек бәрін. 05,45 Банкте ұстасаған ол жерде кепіл бар.
Айнұр Қуатқызы, тілші:
- Қазақстанда депозиттерге кепілдік беру жүйесі құрылған 25 жыл ішінде халықтың жинағы қарыштап өскен. Мәселен, 1999 жылы жеке азаматтардың депозиттері небәрі 53 миллиард теңге болса, былтырғы жыл бұл көрсеткіш 28 триллион теңгегеден асып жығылған. Сонымен қатар сарапшылар ақша жинауға қатысты әмбебап шешім жоқ екенін ескертеді. Әр адамның жинақ көлемі, мақсаты мен тәуекелге дайындығы әртүрлі. Сондықтан қаражатты орналастыру тәсілі де жеке таңдалуы тиіс. Десе де біздің саралауымызша, бүгінде отандастарымыз күнделікті тұтынудан үнемдеуге, қысқамерзімді мақсаттан ұзақмерзімді тұрақтылыққа бет бұрған. Қаржыгерлер қауымдастығының бас сарапшысы Рамазан Досов бұл жөнінде былай дейді.
ЦИТАТА: Рамазан Досов, қаржыгерлер қауымдастығының бас сарапшысы:
«Теңгедегі депозиттердің табыстылығы 15-20% аралығында. Ал валюталық депозиттер шамамен 1% ғана береді. Айырмашылық өте үлкен. Девальвациялық тәуекелдердің өзі 10%-дан аспайды. Келесі жылға болжам бойынша айырбас бағамы қазіргі деңгейден 6,3%-ға ғана жоғары. Яғни теңгенің 20%-ға әлсіреуін ешкім күтіп отырған жоқ. Егер жинағыңыз аз болса, оны толықтай депозитте ұстауға болады. Ал қаражат көлемі үлкен болса, әртараптандыру орынды».
Айнұр Қуатқызы, тілші:
- Соңғы жылдары халық табысы жоғары қаржы құралдарына көбірек қызығушылық танытқан. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының зерттеуі осыны көрсетіп отыр. Айталық, 25 жыл ішінде депозиттер бойынша кепілдік көлемі 100 есе ұлғайған. 1999 жылы ол 200 мың теңгеден басталса, бүгінде теңгедегі жинақ салымдарға – 20 млн теңге, ал шетел валютасындағы салымдарға 5 млн теңге көлемінде кепілдік беріліп отыр. Бұл өзгерістер халықтың ұзақ мерзімді жинақтарға сенімін арттырып, банктердің тұрақты ресурс базасын қалыптастыруға жағдай жасады.