Алатау қаласына капитал тарту үшін теңдесі жоқ жағдай жасалады

Алатау қаласы жаңа инвестициялық кезеңнің негізгі жобасы болуға тиіс.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент осындай тапсырма берді. Шаһарда Smart City қағидатына сәйкес барлық салаға озық инновациялар енгізіп, жасанды интеллекті мен цифрлық технологияны қолдану міндеттелді. Онда капитал тарту үшін теңдесі жоқ жағдай жасалып, жаңа, батыл шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін үздік реттеу режимі қалыптастырылады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жобаның басы артық бюрократиясыз, кідіріссіз әрі сапалы дамуын қамтамасыз етуі керек деді. Ал оған қарсы болған шенеуніктерді сын тезіне салды. Қауіп немесе қарсылығы бар жауаптылар қағаз жүзінде ұсыныс беру керек.