Алматыда Қазақстан–Италия сауда үйі ашылды

Орталықтың жұмысы екі ел  арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Мұнда кәсіпкерлер серіктестер тауып, тәжірибе алмасады. Сонымен қатар бірлескен өнеркәсіп жобаларын құрады. Былтыр Қазақстан мен Италия арасындағы өзара сауда көлемі 17 миллиард долларға жетті. Біздің елден Италияға мұнай, өңделмеген алюминий, бидай, ферроқоспалар, бұршақ дақылдары және пропилен полимерлері эксортталады. Ал ол жақтан дәрі-дәрмек, құбыр арматурасы, қара металдан жасалған құбырлар, азық-түлік өнімдері мен зергерлік бұйымдар жеткізіледі. Сауда үйін ашу туралы ұсыныс былтыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «Орталық Азия – Италия» саммиті кезінде айтылған.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Екі жақтың бизнесмендері  егер қызығушылық болса осы платформа, сауда үйін пайдаланып тек қана сауда-саттық емес индустрия, бірлескен компаниялар ашып, мысалы, бізде қазіргі таңда 300-ге жуық Италия компаниялары жұмыс істеп жатыр. Әрі қарай бұл көрсеткіш тек ғана ұлғайту емес, оның сапасын оны түбегейлі жаңа деңгейін көтеру үшін біз осы платформа ашылып жатырмыз.

Марко Беретта, Қазақстан-Италия сауда қауымдастығының президенті:

- Бұл сауда үйі екі жаққа да тиімді болады. Біздің кеңеселеріміз осы Алматыда, Миланда және Атырауда бар. Мамандарымыз Қазақстан мен Италия арасындағы сауда қатынасын жақсарта түсуге мүдделі. Қазақстан нарығына қызығушылық танытқан инвесторларды қолдауға дайын.