«Өрлеу» бағдарламасы: кәсіпкерлерге 444 млрд теңге қарыз беріледі
Былтыр екінші деңгейлі банктердің қарыз портфелі 44 трлн теңгеге жуықтады. Бұл 21 пайызға артық. Дегенмен экономиканың нақты секторын қолдап отырған қаржы институты көп емес.
Банктердің бизнеске несие беруде енжарлық танытуын Мемлекет басшысы да сынға алған еді. Ахуал қалай өзгереді?
Шағын және орта бизнеске жеңілдетілген несие беру биыл да жалғасады. «Даму» қорының «Өрлеу» бағдарламасы аясында 444 млрд теңге қарастырылып отыр. Оған 9 екінші деңгейлі банк те қатысады. Кәсіпкерлерге жылдық 12,6 пайызбен несие беріледі. Мамандар мұндай қаржының 75 пайызы инвестициялық жобаларға, қалғаны айналым қаражаты үшін алынатынын айтады. Алайда екінші деңгейлі банктер бизнеске қарыз беруге құлшына бермейді. Экономист Бекнұр Қисықовтың айтуынша, көбі «Даму қоры» қолдаған жобалармен шектеліп отыр.
Бекнұр Қисықов, экономист:
- Банк ақшаны беру үшін операционный менеджмент, оған қанша адам кетеді. Ол ақшаны бақылап тұру керек. Ол ақшаға залог алу керек. Ол болмаса, қаржы түріндегі кепілдік болу керек. Ол көп уақыт, көп күш алып кетеді де, сондықтан бұл жерде банк еркелеп жүр деп айтуға болмайды. Бірге бағдарлама болу керек деп ойлаймын, мемлекетпен, бизнеспен, Атамекен палатасы, Даму банктермен бірлесіп, бір жоспар жасау керек деп ойлаймын.
Қазір банктердің бизнесті қаржыландыру үлесі 38 пайыз ғана. Яғни қарыз портфелінің 60 пайыздан астамын тұтынушылар берешегі қамтиды. Бұл үлкен мәселе. Алайда сарапшылар кәсіпкерлердің өзі де банкке баруға асықпайтынын айтады. Өйткені несиелеу шарты реттелмеген. Пайызы тым жоғары.
Нұржан Бияқаев, тәуелсіз сарапшы:
- Несиелеу шарты ашық емес. Сондықтан кәсіпкерлер жергілікті атқарушы органдарға, қандай да бір қорларға жүгінуге мәжбүр болады. Екіншіден, біздегі базалық мөлшерлеме төмен емес. Сондықтан кейінгі 5-7 жылда әсіресе, пандемиядан кейін ШОБ және корпоративтік бизнес бағыттарын кредиттеу біршама азайды. Меніңше, бұған қарызды беруден тартыну емес, дұрыс шарт ұсына алмауы себеп.
Былтыр кәсіпкерлер 20 трлн теңге несие алды
Әйтсе де былтыр ғана бизнеске берілген қарыз көлемі 20 трлн теңгеден асқан. Бұл 11 пайызға көп. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мұны 2007 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш дейді. Жіктер болсам, ірі бизнеске 5,5 трлн, жеке кәсіпкерлерге 3,1 трлн теңге берілді. Қалғаны шағын және орта бизнеске тиесілі.
Мамандар кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасын көбейту қажет деген пікірде. Сондай-ақ банктерде бизнеске берілетін қарыз көлемін 50 пайызға жеткізудің жол картасы жасақталуы керек.
Бекнұр Қисықов, экономист:
- Мен бизнеске бұрыннан да қанша программа жоспарлап бардым мысалы. Берген банктерге, дамуға да берген мысалға. Франчайзер деген мысалы кіші кәсіпкерлік иә. Соғын мысалы несие арнау керек. Арнайы несие болу керек та оларға. Өйткені франчайзинг арқасында мысалға кәсіпкерлер көп салық төлейді. Оның арқасында жұмысты көбейтеді. Жұмыссыздықты жояды деген сияқты жақсы көрсеткіштері көп. Алайда банктерге онша қатты пайда емес. Өйткені банк одан қатты пайда алады деп ойламаймын.
Корпоративтік табыс салығы өсті
Екінші деңгейлі банктер үшін корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі 25%-ға дейін көтерілді. Бұл салық кодексіндегі жаңашылдық. Өзгеріс бизнесті несиелеуден түсетін табыстарға қолданылмайды.
Айбар Олжай, экономист:
- Халыққа несие берген банк табысы, сол халыққа несие бергеннен түскен, соған 25 пайыз корпоративтік табыс салығы салынады. Бизнеске бергенде баяғыдай 25 пайыз күйінде қала береді. 5 пайыз үлкен роль ойнайды. Екіншіден, минималды резервтік талаптар. Халыққа берілетін кепілсіз кредиттерге сол минималды резервтік талаптар күшейтілді де, банктерге халыққа несие беру қымбатырақ түсетін болады.
Мал өсірушілерге несие беріледі
Елде асыл тұқымды мал сатып алуға, жайылымдық инфрақұрылымды дамытуға және мал өсірушілер үшін айналым қаражатын толықтыруға жеңілдетілген несиелер беріледі. Өтінімдер 1 наурыздан бастап қабылданады. Құзырлы министрлік қарыз жеті жылға 6%-бен берілетінін хабарлады. Айналым қаражатын толықтыруға 5%-бен беріледі. Бұл мал шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында жүзеге асады.