Мұнай бағасы төмендей бастады
Әлемдік мұнай бағасы қайта төмендей бастады. Brent маркалы мұнайдың фьючерстері шамамен 2 долларға арзандап, баррелі 101 долларға түсті.
Сарапшылар мұны Ирак пен Күрдістан арасындағы мұнайды Түркия арқылы экспорттау жөніндегі келісіммен байланыстырады. Дегенмен жағдай толық тұрақтанды деуге ерте. АҚШ, Израиль және Иран арасындағы қақтығыс салдарынан Ирактың оңтүстігіндегі кен орындарында өндіріс 70 пайызға дейін қысқарды.