Ұлттық тауарлар каталогына тіркеу жалғасып жатыр
Елімізде Ұлттық тауарлар каталогын енгізу жұмыстары жүріп жатыр.
Былтыр пилоттық режимде іске қосылған аталмыш жүйеге бүгінде 24 млн тауар түрі тіркелген. Осылайша 1 сәуірге дейін ірі сауда орындары мен тауар өндірушілер өз өнімдерін Ұлттық тауарлар каталогына енгізіп болды. Енді 1 шілдеге дейін шағын кәсіпкерлер енгізуі керек. Аталмыш тізімге энергетикалық ресурстар, тұрғын үй нарығына қатысты тауарлар мен қолөнер бұйымдары кіреді. Сондай-ақ ұлттық тауарлар каталогына тіркеліп үлгермеген бизнес нысандары үшін саудаға шығаратын заттарын енгізуге бір айдай уақыт беріледі.
Әсет Өтеғалиев, ҚР СИМ Цифрлық трансформациялау және тауарларды таңбалау департаменті директорының орынбасары:
- Бізде енді барлық магазиндерге, дүкендерге ол мәселе туындай бермейді. Себебі тауарды бір рет енгізгеннен кейін, келесі магазин немесе дистрибьютер оны енгізіп қажет емес. Бір рет енгізгеннен кейін барлық сауда өкілдері оны қолдана алады.