Ұлттық банк теңге бағамы белгіленетін валюталар тізімін кеңейтеді

Фото: depositphotos.com

ҚР Ұлттық банкі теңгенің шетел валюталарына қатысты ресми бағамын айқындау қағидаларына өзгерістер жобасын әзірледі. Жобаға сәйкес, Ұлттық банк ресми бағам белгілейтін шетел валюталарының тізімі кеңейтіледі. Түсіндірме жазбада тізімді 39 валютадан 48 валютаға дейін ұлғайту жоспарланған.

Қаулы жобасында Тізімге мына елдердің 9 ұлттық валютасын қосу  ұсынылады: Вьетнам, Мысыр, Израиль, Индонезия, Қатар, Моңғолия, Оман, Пәкістан, Румыния.

Тізімді кеңейту туралы шешім соңғы 5 жылдағы сауда айналымына, төлемдердің көлемі мен валюталарына жасалған талдау негізінде қабылданды. Бұған қоса, жеке және заңды тұлғалардан ресми бағам бойынша түскен сұраныстардың тарихы да ескерілді, - делінген хабарламада.