OPEC+: 7 мемлекет мұнай өндірісін арттырады

Қазақстан Германияға мұнайды Ресей порты мен Каспий құбыр желісі консорциумы арқылы жеткізеді.

Немістің мұнай өңдеу зауытына мамыр айында 260 мың тоннасын жіберу жоспарланған. Естеріңізде болса, таяуда «Дружба» бағыты арқылы тасымал тоқтатылды. Ресей тарапы бұған техникалық себептер ықпал еткенін айтады.

«Дружба» арқылы мұнай тасымалы тоқтағанымен, Қазақстан Германияға отын жеткізе береді. Энергетика министрлігі баламалы бағыттарды реттеп қойды. Мамыр айында бұл елге 260 мың тонна мұнай жеткізу керек ед. Енді оның 100 мыңы – Ресейдің Усть-Луга портымен, қалғаны Каспий құбыр желісі консорциумы арқылы тасымалданады. Әрине бұл жеткізу мерзіміне әсер етері анық. Дегенмен құзырлы министрлік жылдық өндіру көлемі өзгермейтінін айтты. Неміс зауыты өңдейтін мұнайдың 30-40 пайызы Қазақстандыкі. Былтыр бұл елге 2,1 млн тонна қара алтын экспорттадық. Биылғы көрсеткіш 3 млн тоннаға жетуі керек

Дәулет Арықбаев, ҚР ЭМ Мұнай тасымалы және өңдеу департаментінің директоры:

- «Дружба» бағыты арқылы Швед зауытына мамыр айында 260 мың тонна мұнай жеткізу жоспарланған еді. Енді ол басқа бағыттар арқылы тасымалданады. Жалпы тасымал бағытын ауыстырудан келетін шығынды дәл қазір айта алмаймын. Оның бәрі коммерция шарттарына байланысты есептеледі.

Сарапшы: Мұнай тасымалында бір бағытпен шектелуге болмайды

Иә, біздің ел жыл сайын шамамен 100 млн тоннаға жуық мұнай өндіреді. Оның дені Каспий құбыр желісі консорциумы арқылы экспортталып жатыр. Мұнай жөніндегі сарапшы Рзабек Артығалиев «бағыттар көп векторлы болу керек» дейді. Әсіресе Орта дәліздің әлеуетін көбірек пайдалану маңызды. Сарапшы бізде құбыр бағыттарын, теңіз логистикасын және теміржол тасымалын қатар қолдануға мүмкіндік барын айтады. Ирандағы ахуал реттелмейінше, мұнай бағасы түспейді. Бірақ, тасымал шығыны да азаймасы түсінікті.    

Рзабек Артығалиев, мұнай жөніндегі сарапшы:

- Бізде 80 пайыздай мұнайымыз КТК арқылы кеткен, соны азайту. Біз КТК-дан ешқайда кете алмаймыз. Одан кету үшін өте көп ақша кетеді, уақыт кетеді. Қазіргі перспектика геополитикалық жағдайға байланысты, ол арқылы мұнайды 50-60 пайызға жекізсек, қалғанын басқа маршруттармен жүргізсек. Қазіргі таңда ең жақсы болатын маршрут Баку арқылы.

OPEC+: 7 мемлекет мұнай өндірісін арттырады

Маусымда ОПЕК+ альянсы мұнай өндірісін тәулігіне 188 мың баррельге арттырады. Мұны Reuters агенттігі хабарлады. Бұл Қазақстан, Ресей, Сауд Аравиясы, Ирак, Алжир, Кувейт және Оман елдерінің ортақ келісімі. Мамырдағы өндіріс көлемі 206 мың тоннаға жеткен еді. Енді тек БАӘ-нің үлесі шегеріліп отыр. Яғни ұйым бұрынғы саясатын жалғастыра бермек. ОПЕК-тің жыл сайынғы есебіне сүйенсек, былтыр еліміз 650 млн баррель мұнай өндірді. Ал ұлттық статистикада 99 млн тонна қара алтын өндірілгені көрсетілген. Бұл шамамен 730 млн баррель. Яғни ұйым есебінде газ конденсатының өндірісі ескерілмеген.

Рзабек Артығалиев, мұнай жөніндегі сарапшы:

- Ресей де ОПЕК-тің мүшесі емес, біз де  ОПЕК-тің мүшесі емеспіз, Әзербайжан да ОПЕК-тің мүшесі емес. Біз ОПЕК+ дейтінге кірдік. Қорды әрбіріміз ұстаймыз, әлемдегі бағаны  түсіріп тастамау үшін. Себебі Сауд Аравиясы өзі басып тастайды керек болса. 5-6 доллардан мұнай сатса, бізді төмендетіп тастайды ғой, біз ештеңе істей алмаймыз. Сондықтан ОПЕК-те отырғанымыз, бір бірімізді қолдап отырғанымыз баға себестоимостан төмен түсіп кетпесін дейді ғой. Бюджетке кеп жатқан ақша. Бізде бюджетке ақша мұнайдан келіп жатырғой.

Өткен айда Қазақстан жаһандағы мұнай өндірушілерінің ондығына кірді. Бұл туралы сарапшы Нұрлан Жұмағұлов хабарлады. Еліміз Норвегия, БАӘ және Кувейтті басып озған. Сөйтіп орташа алғанда 2,2 млн баррель мұнай мен конденсат өндірді.