Түркия мен Қазақстанның тауар айналымы 40% артты
Қазақстан мен Түркия елдерінің алыс-берісі 40 пайызға артты.
Жыл өткен сайын өсім бар. Биыл қаңтар-наурыз аралығындағы тауар айналымы 1 млрд 650 млн доллар болды. Әсіресе экспорт үдеген. 60 пайызға дейін асырды. Сонымен не тиеліп, кері не жөнелтілетінін сөз етейік. Бізден мыс және мыс орамы, шикі мұнай мен өңделмеген алюминий, мырыш пен пен күкірт тасымалданады. Құбыр арматурасы, тіпті күнбағыс тұқымы да сұранысқа ие. Бірақ, мұнай өнімдері, мақта талшығы, полимер пропилен, өңделмеген қорғасын, табиғи газ бен кейбір көкөністер экспорты төмендеген.
Түркия тарапынан да тасымал сәл-пәл әлсіреді. 8 пайыз шамасында. Валютаға шаққанда 32 млд долларға кеміген. Бұған себеп құрылыс конструкциясы, әйелдер киімі, оқшауланған сымдар, тағысын-тағы. Солай десек те өзге өнім түрлерінен өсім байқалады. Бұлар машианалар мен арнайы мақсаттағы механикалық құрылғылар, дәрі-дәрмек, электр генератор қондырғысы және дайын азық-түлік өнімдері.
2026 Ж ҚАҢТАР-НАУРЫЗ ТАУАР АЙНАЛЫМ 38,6% - $1,65 МЛРД ↑
ЭКСПОРТ 58,2%↑
ИМПОРТ 8,2%↓
ЭКСПОРТ
МЫС ЖӘНЕ МЫС ОРАМЫ $346,6 МЛН
ШИКІ МҰНАЙ $131,6 МЛН
ӨҢДЕЛМЕГЕН: АЛЮМИНИЙ $40,4 МЛН
ЦИНК $24,8 МЛН
СЕРА $3,53 МЛН
ҚҰБЫР АРМАТУРАСЫ $1,38 МЛН
КҮНБАҒЫС ТҰҚЫМЫ $1,35 МЛН
МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ $37 млн
МАҚТА ТАЛШЫҒЫ $9,01 млн
ПЛИМЕР ПРОПИЛЕН $5,87 млн
ӨҢДЕЛМЕГЕН ҚОРҒАСЫН $3,96 млн
ТАБИҒИ ГАЗ $3,7 млн
ИМПОРТ
ҚҰРЫЛЫС КОНСТРУКЦИЯСЫ $7,35 МЛН
ӘЙЕЛДЕР КИІМІ $5,09 МЛН
ОҚШАУЛАНҒАН СЫМДАР $4,16 МЛН
МАШИАНАЛАР, МЕХАНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР $7,78 млн
ДӘРІ-ДӘРМЕК $7,6 МЛН
ЭЛЕКТР ГЕНЕРАТОР ҚОНДЫРҒЫСЫ $5,81 МЛН
ДАЙЫН АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ $2,97 МЛН