Жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,2 есеге ұлғайды
Жыл басынан бері жеңіл өнеркәсіптегі өңдеуші сектор 10 пайыздық өсім көрсетті. Ал бұл саладағы өндіріс көлемінің 2,2 есеге ұлғаюына сеп болған.
Осы жайында Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен жеңіл өнеркәсіпті дамытуға арналған кеңесте айтылды. Жалпы саланың әлеуметтік маңызы зор. Мұндағы еңбекке тартылған әйелдердің үлесі 60 пайызды құрап отыр. Дегенмен жеңіл өнеркәсіпті ширату үшін әлі біраз шаруа атқарылуға тиіс. Өйткені талай өнім әлі сырттан импортталады. Бүгінде мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында тауарлар мен қызметтер ұсынатын өндірушілердің тізілімі жұмыс істейді. Олжас Бектенов қазақстандық кәсіпорындарды қолдау шараларын кеңейту қажеттігіне тоқталды. Кеңес қорытындысы бойынша үкімет басшысы қосымша ынталандыратын модель қалыптастыруды тапсырды.