Қазақстан - Ресей тауар айналымы
Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-саттық биыл артты. Қаңтар-наурыз аралығында тауар айналымы 16 пайыздан артық өсіп, 6,46 млрд доллар болды.
Үш айда 1,5 млрд доллардың өнімі экспортталды. Импорт 4,96 млрд долларға жетті. Экспорт тауарларының арасында болат прокатының үлесі 9 пайызға жуықтап, 130 млн доллардан асты. Ресей көп сатып алған тауарлар қатарында темір кені мен концентраты және алюминий бар. Ал импорттық тауарлардың қатарына былтырғыдай табиғи газ, уран, алтын және мұнай өнімдері еніп отыр.
Қазақстан - Ресей тауар айналымы
қаңтар-наурыз, 2026 жыл
Барлығы – $6,46 млрд
Өсім – 16,1%
Экспорт – $1,5 млрд
Импорт – $4,96 млрд
Негізгі тауар түрлері
қаңтар-наурыз, 2026 жыл
Экспорт
Болат прокаты – $131,8 млн
Темір кені – $77,8 млн
Алюминий – $60,5 млн
Импорт
Табиғи газ – $499 млн
Уран – $258,5 млн
Алтын – $211,2 млн
Ресеймен алыс-беріс былтыр да артқан еді. Өзара тауар айналымы 27 млрд доллар болған еді. Мұнда экспорт көлемі 8 млрд доллардан асса, импорт 19,2 млрд долларға жетті. Негізгі тауар түрлері – тау-кен-металлургия өнімдері. Былтыр көрші елге 1,2 млрд долларға уран экспортталды. Бұдан кейін легирленбеген болат прокатының үлесінде – 480 млн доллар. Үштікті алюминий оксиді мен гидрооксиді түйіндейді. Импорттық тауарлар көшін 841,6 млн долларға сатып алған табиғи газ бастап тұр. Сондай-ақ алғашқы үштікке әрқайсының жалпы сомасы 700 млн доллардан асқан алтын және мұнай өнімдері енді.
Қазақстан - Ресей тауар айналымы
2025 жыл
Барлығы – $27,4 млрд
Экспорт – $8,14 млрд
Импорт – $19,2 млрд
Негізгі тауар түрлері
2025 жыл
Экспорт
Уран – $1,2 млрд
Болат прокаты – $479,8 млн
Алюминий – $341,8 млн
Импорт
Табиғи газ – $841,6 млн
Алтын – $752,7 млн
Мұнай өнімі – $703,1 млн