Н. Нәлібаев «ExxonМobil» аға директоры Ю. Киммен кездесті
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев "ExxonMobil" компаниясының халықаралық үкіметтік қатынастар жөніндегі аға директоры Юрия Киммен кездесті.
Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері және мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту келешегін талқылады. Өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары, соның ішінде көмірсутектерді өндіру, экспорттық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері сөз болды.