Қазақстан-Ресей тауар айналымы
Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-саттық ұлғайды.
Биыл қаңтар-наурыз айларында тауар айналымы былтырғы кезеңімен салыстырғанда 16 пайыздан аса ұлғайды. Яғни 6,46 млрд долларға жетті. Экспортқа келсек, үш айда 1,5 млрд доллардың тауары Ресейге жөнелтілді. Ал импорт 4,96 млрд долларға жетті.
Экспорт тауарларының көшін жалпы құны 130 млн доллардан асқан болат прокаты бастады. Сондай-ақ темір кені мен концентраты және алюминий өнімдері Ресей көптеп сатып алған тауар қатарынан орын алды. Импорттық тауарлар туралы айтсақ, бұлардың қатарында табиғи газ, уран, алтын және мұнай өнімдерінің көлемі басым.
Қазақстан — Ресей тауар айналымы
/қаңтар-наурыз, 2026 жыл/
Барлығы – $6,46 млрд
Өсім – 16,1%
Экспорт – $1,5 млрд
Импорт – $4,96 млрд
НЕГІЗГІ ТАУАР ТҮРЛЕРІ
/қаңтар-наурыз, 2026 жыл/
Экспорт
Болат прокаты – $131,8 млн
Темір кені – $77,8 млн
Алюминий – $60,5 млн
Импорт
Табиғи газ – $499 млн
Уран – $258,5 млн
Алтын – $211,2 млн