Инвестиция тарту және сүйемелдеу жүйесі жаңарады

Елде инвестиция тарту әрі оны сүйемедеу жүйесі жаңарады.

Ал Сыртқы істер министрлігі шетелдік компанияларды тарту жұмысын жалғастыра береді. Бұл туралы Премьер-министр Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысында айтты. Онда «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру, халықаралық бизнестің инфрақұрылымдық жобаларға қатысуы және кәсіпкерлік қызметке жағдай жасау мәселелері сөз болды. Олжас Бектенов Мемлекет басшысының салаға қатысты жүктеген стратегиялық міндеттерін еске салды. Ол Қазақстанның озық инженерлік шешімдерге, құрылыстың заманауи стандарттары мен әлеуеті мол құрылыс материалдарына мүдделі екенін атап өтті. Бұған қоса жиында инвестициялық саясат, энергетика, мұнай-газ бен еңбек заңнамасы, цифрландыру, денсаулық сақтау және фармацевтика секілді бірқатар жұмыс тобының есебі тыңдалды. Отырыс соңында Премьер-министр Үкіметтің өзара тиімді әрі әріптестікті нығайтуға бағытталған сындарлы диалогқа ашық екенін жеткізді. Ал жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығымен бірлесіп, айтылған барлық ұсынысты қарастыруды тапсырды.

Жанна Байдашева, "Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығының директоры:

- Халыққа құлақ асатын мемлекет, ашық диалог пен өзара ой алмасу – мұның бәрі инвесторлар үшін маңызды. Жан-жақты ашықтық тек жергілікті емес, Қазақстанмен жұмыс істеуді жоспарлап жүрген инвесторлар үшін де бағалы. Осы арқылы шетелдік инвесторлар ел Үкіметімен бірігіп, ауқымды жобаларды кедергісіз жүзеге асыра алады.

Сондай-ақ оқыңыз: