Қазақстандықтар қолма-қол ақша алуды азайтқан

Бұл көрсеткіш Ковид-19 пандемиясынан кейін алғаш рет төмендеп отыр.

Мәселен, 2026 жылдың қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша банк карталардың иелері 8,1 трлн теңге қолма-қол ақша шешкен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі рекордтық 8,4 трлн теңгемен салыстырғанда 3,5%-ға аз. Бұл үрдіске не себеп? Жаппай онлайн төлемге өтудің артында қандай қауіп бар? Адамдар неге қолма-қол ақшадан бас тартып жатыр?

Бұның бірнеше себебі бар. Алғашқысы және ең басты себебі әрине технологиялардың дамуы. Алғашында онлайн банкинг мүмкіндіктері шектеулі болғанымен қазір банк қосымшаларында сан түрлі қызмет бар. Онда қаражатыңды басқарудан бөлек, сауда жасауға, мемлекеттік қызметтерді қолдануға болады. 

Айбар Олжай, сарапшы:

- Бұл өзгерістердің ең басты факторы технологиялық өзгеріс. Қазір жалпы адамға өмір сүрі үшін, белгілі бір қажеттіліктерді өтеу үшін қолма-қол ақшаның ешқандай керегі жоқ. Яғни өзінің ақша ретіндегі функциясын атқарып жатқанда қағаз сияқты ортадағы тізбек алынып тасталды. Ақша ақша күйінде қалды. Бірақ қағаз күйінде емес. Сондықтан адамның ақшасы бар, бірақ оны қағаз формасына аудару керек жоқ болғандықтан оны бірден банкоматтан алуы азайды. 

Мамандар бұл үрдіс тоқтаусыз жалғаса береді деген пікірде. Себебі, қаражатты банк қосымшасы арқылы қолданған тиімдірек. Банктер қазір түрлі бонустар беріп, депозиттік өнімдер ұсынады. Бұл азаматтардың қызығушылығын арттырып отыр.

Арман Бейсембаев, қаржы сарапшысы:

- Біз халықтың өзі белсенді түрде қолма-қолсыз төлем жүйесіне ауысып жатқанын көріп отырмыз. Қазір шатаспасам оның үлесі 75 пайыздан да асып кетті. Бұл көрсеткіш өсе береді. Бірақ оның қарқыны баяулайды деген болжам бар. Себебі онлайн төлемге ауысқысы келетіндердің барлығы дерлік ауысты. Қалғандары ондай мүмкіндігі жоқ адамдар мен саналы түрде қағаз ақшаны таңдағандар.

Азаматтардың онлайн банкинг жүйесін қолданғаны мемлекетке де тиімді. Себебі мұнда ашықтық бар. Яғни цифрлық технологиялар қай қаражаттың қайда жұмсалғанын, кімге жіберілгенін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе салық органдары үшін таптырмас құрал. Дегенмен, онлайн банкинг опық жегізіп кетуі мүмкін дейді қаржыгер.

Айдар Әлібаев, қаржыгер:

- Елде ірі екі платформа ғана бар. Бұл салада монополия дамып келе жатыр деген сөз. Яғни бұл кейбанктер үшін тиімді. Мысалы, комиссиялық төлемдерін қымбаттатып жіберсе де ештеңе істей алмаймыз. Менің білуімше олардың құны қазірдің өзінде көтеріліп келеді. Қарапайым азаматтар мұны тіпті байқамайды да. Екіншіден, адамдар банк жүйесіне тәуелді болып бара жатыр. Кез келген уақытта бұл жүйе істен шықса немесе бұғатталса, қолданушылар нан ала алмай қалады. Сондықтан қолма-қол ақшадан мүлдем бас тартуға болмайды. Ол белгілі бір деңгейде қолуы керек.

Қазір мемлекет осы нарықта монополия орнамауы үшін бірнеше шара қабылдап жатыр. Мәселен,  ортақ кьюар код пен банкаралық аударымдар сынды қадамдар бар. Бұл ірі ойыншылардың басымдығын пайдаланып, нарықта өз ережесін орнатуына тосқауыл қояды. Дегенмен, тың технологияны бәсекелестеріне беруге асықпайды дейді сарапшы.

Андрей Чеботарев, қаржыгер:

- Банктер ортақ кьюар жүйесіне енуге мүдделі емес. Тіпті үрдіске кедергі келтіруі мүмкін. Бірақ Ұлттық банк осы жазда бұл жүйе толық жұмыс істей бастайды деп мәлімдеді. Демек енді дүкенге барғанда сатушы қай банк қосымшасымен төлейсіз деп сұрамайды. Кассада да бір терминал ғана тұрады. Бұл азаматтарға ыңғайлы болар еді. 

Дегенмен, қағаз ақша қолданыстан біртіндеп ығысатыны анық. Себебі қаржылық технологиялар фиат ақшаның қызметін толық алмастыра алады. Сондықтан болашақта банкоматтардың орынын басқа құрылғылар басуы мүмкін дейді мамандар.

Айбар Олжай, сарапшы:

- Банктік верификацияны банкоматтар арқылы, дактилоскопи́ясын растау, басқа да, цифрлы теңгемен токенизация жақындатып бір-біріне.сосын криптоактивтердің хэш схемаларын ұстайтын шығар. банкомат емес, оның орнына басқа құрылғылар пайда болуы мүмкін. Әрине болашаққа ешкім барып келген жоқ,. Бірақ он жылдан кейін банкоматтың біз көріп жүрген дәстүрлі функциясы менің ойымша өзгереді.