Биыл мал шаруашылығына 117,6 млрд теңге субсидия қарастырылған
Бүгін мал шаруашылығы қызметкерлерінің күні.
Биыл елде мал шаруашылығын субсидиялауға 117,6 млрд теңге қарастырылған. 1 мамырдағы жағдайға сәйкес оның 49 млрд теңгеге жуығы игерілді. 2030 жылға дейінгі кешенді жоспар саланы дамытуға қосымша серпін береді, дейді сала мамандары. Бүгінде шаруаларға асыл тұқымды мал сатып алу үшін жеңілдетілген 6%-дық «Игілік» және «Береке» несие бағдарламалары іске асып жатыр. Таяуда жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға бағытталған «Жайлау» жобасы, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыруға арналған 5%-дық жеңілдетілген кредиттік бағдарлама іске қосылады. 2030 жылға қарай елдегі ірі қара мал санын 12 млн басқа, ұсақ мал санын 28 млн басқа жеткізу көзделген. Сондай-ақ ет өнімдерінің экспортын 2 жарым есеге арттыру жоспарланған.