Биылғы төрт айда мал шаруашылығы өнімі ₸1,158 трлн жетті
Биылғы 4 айда елдегі мал шаруашылығының жалпы өнімі 1 трлн 158 млрд теңгеден асты.
Атап айтсақ, жыл басынан бері 338,2 мың тонна ет өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға артық. Оның ішінде 126,7 мың тонна құс еті, 113 мың тонна сиыр еті, 41 мың тоннадан аса жылқы еті, 35 мың тоннаға жуық қой еті өндірілді. Сүт өндірісі 986,8 мың тоннаға жетті. Сондай-ақ 1 жарым млрд дана жұмыртқа өндірілді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 8,6%-ға жоғары. Елдегі ірі қара мал саны 9,7 млн бастан асты. Оның ішінде жылқы саны 5,1 млн-ға жетті.
2026 ж. 4 ай
Жалпы ет өндірісі - 338,2 мың тонна (3,4% ↑)
Құс еті - 126,7 мың тонна
Сиыр еті - 112,9 мың тонна
Жылқы еті - 41,2 мың тонна
Қой еті - 34,7 мың тонна
Сүт өндірісі - 986,8 мың тонна (3,1% ↑)
Жұмыртқа өндірісі - 1,5 млрд дана (8,6% ↑)
Жалпы ірі қара мал саны - 9,7 млн бас
Ұсақ мал - 25,7 млн
Жылқы - 5,1 млн
Құс - 48,2 млн