Жұмысшы мамандықтардың ролі артып жатыр

24kz

Биыл елімізде бірқатар салаларда кадр тапшылығы сақталады, дейді сарапшылар.

Атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау, өңдеу өнеркәсібі, мемлекеттік басқару, әлеуметтік қызмет көрсету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен сауда салаларында жұмыс күшіне сұраныс жоғары болады. Бүгінде еңбек нарығындағы ең көп сұранысқа ие мамандықтар қатарында қарапайым жұмысшылар көш бастап тұр. Finprom зерттеуіне сүйенсек,оларға шамамен 80,9 мың бос жұмыс орыны қарастырылады.

Арнайы көліктердің жолға ақаусыз шығуы механиктердің тікелей міндеті. Олар күн сайын әр техниканы мұқият тексереді. Райыс Әбдішевтің бұл салада жүргеніне екі жыл болды. Ол күнделікті көліктердің негізгі тораптарын тексеріп, алдын ала диагностика жүргізеді. Сондықтан мұндағы жұмыс дәлдік пен жоғары жауапкершілікті талап етеді. 

Райыс Әбдішев, "Астана тазалық" ЖШС механигі:

- Әр жұмыста өз қиындықтар бар, мысалы, қыстың күні, жаздың күні қазір техникаға поливомоечный жұмыс жасайды, пылесос. Каждый техника ол, мысалы, келген сайын тексеріп отырамыз, мәшине қалай состояниесі нормально жоқ па, покраскаға береміз, қазір жаздың күні покрасочный жұмыстар жүргізіп жатырмыз. В основном поливомоечный ремонттар болады, майда-шүйде соларды тез арада жасау біздің міндетіміз. Негізі сұрауы көп, мысалы, от каждой сайман бәрі нәрсеге ответственность, әр адам выездге шыққаны бізге байланысты, олардың ақша табысы бізге байланысты. Тез ремонттан шықса солай айлық алады.

Қазір колледж түлектері үшін жұмыс нарығында мүмкіндік кеңейіп келеді. Техникалық және жұмысшы мамандықтарды меңгерген жастар өндіріс орындарына, коммуналдық қызметтерге және техникалық сервистерге жұмысқа орналасып жатыр. Бұл салада тұрақты тәжірибе жинап, кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік бар.

Мақсат Рахымберді, "Астана тазалық" ЖШС баспасөз хатшысы:

- Жалпы бүгінгі таңда Астана тазалық мекемесінде 1200-ден астам қызметкер жұмыс жасайды оның 650-ден астамы техника жүргізушілері және де 200-ден астамы қол жұмысшылары. Қазіргі таңда біздің көп қызметкерлер - жас мамандар. Қазіргі таңда мекемеде кадрға тапшылық жоқ, сондай-ақ жақында ғана кәсіптік техникалық колледжімен өзара бірлесе жұмыс атқардық. Олардың шәкірттері осы Астана тазалық мекемесінде тәжірибеден өткен болатын 8 студент және оның екеуі осы Астана тазалық мекемесінде жұмысқа орналасуға ниетті екенін жеткізді. Қазіргі таңда солардың құжаттарын жинау процесінде.

Жұмысшы мамандықтарға сұраныстың артуына бірнеше фактор әсер етіп отыр. Ең алдымен, елде инфрақұрылымдық жобалар көбейіп, өндіріс қарқыны артып келеді. Сонымен қатар коммуналдық және әлеуметтік қызметтерге деген қажеттілік өсуде. Бұған қоса көлік-логистика саласының қарқынды дамуы да білікті мамандарға деген сұранысты күшейтіп отыр. Сонымен қатар техникалық бағыттағы жұмыстарды автоматтандыру толық адам еңбегін алмастыра алмайды, дейді сарапшылар. 

Санжар Тәттібеков, тәуелсіз сарапшы:

- Мынау даярлап жатқан жұмысшы мамандарымыз ЖИ-ді өздерінің білім ошақтарында, дағдыларында келешекте көре ала ма? Осы бағытты біршама жұмыср жасалып жатыр. Мына энергетиктер мамандықтарын айтуымызға да болады. Қазіргі таңда Қазақстан энергияның балама көздерін дамыту бойынша көптеген жұмыстар жасап жатыр. Оның ішінде мына Аэс салу бар. Сондықтан да осы энергетикаға байланысты мамандықтарда өзекті болып тұр. Адал азамат дейміз. Мынау еңбек адамына деген сыйластықты, мәртебені біз әрі қарай дамытатын болсақ, жастардың басты бағыты осыған назар аударылу керек.

Еңбек нарығындағы соңғы болжамдар да осы үрдісті растап отыр. Елдегі халық санының өсуі мен инфрақұрылымның кеңеюі кадр тапшылығын тудыруда. Биыл білім беру, денсаулық сақтау, өңдеу өнеркәсібі мен әлеуметтік қызмет көрсету салаларында мамандар тапшы болады деп күтілуде. Сұраныстың негізгі бөлігі жаппай және жұмысшы мамандықтарға тиесілі. Бүгінде нарыққа 80 мыңнан астам қарапайым жұмысшы мен 50 мыңнан астам аула тазалаушы қажет. Сонымен қатар әлеуметтік саланың да жүгі ауыр. Медбикелер мен мұғалімдерге, балабақша тәрбиешілері  және  тазалық мамандарына деген қажеттілік жоғары деңгейде қалып отыр.

Ақзира Қасымова, ҚР ОАМ техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры:

- Қазіргі таңда бізде осы жергілікті атқарушы органдардың барлығы бүгінгі күні осы мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша комиссия отырысын қарастыруда. Бұл комиссия отырысында ең алғашқы осы өңірдің қажеттілігіне сәйкес болады, мемлекеттік тапсырыс және  соған байланысты кадрлар даярланатын болады. Биылғы оқу жылында бізде 140 мыңға жуық мамандарды мем.тапсырыспенен қабылдаймыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл жастар үшін үлкен мүмкіндік. 70 пайыздан жоғары техникалық мамандықтарға қарата бағытталады.

Жауапты министрліктің мәліметінше, бүгінде еліміздегі 763 колледжде жарты миллионнан астам студент білім алуда. Биыл оның 168 мыңы үлкен өмірге жолдама алады. 

Наргиз Бекмағанбетова, Бекарыс Шамшат, Санжар Біргебаев