Мәскеуде «Ерекше» фильмі үш жүлде иеленді

Отандық «Ерекше» фильмі Мәскеуде өткен халықаралық спорт киносы фестивалінде үш бірдей жүлдеге ие болды. Қазақстандық туынды «Үздік режиссер», «Үздік ер адам рөлі» және «Олимпиадалық құндылықтар» номинациялары бойынша үздік шықты. 

Биыл 24-ші рет ұйымдастырылған халықаралық байқауға әлемнің 15 елінен 100-ден астам өтінім түскен. Осындай халықаралық алаңда қазақстандық картинаның үш бірдей марапатқа ие болуы – отандық кино үшін маңызды жетістік.

«Ерекше» фильмі боччамен айналысатын параспортшылардың сан қырлы өмірін баяндайды. Картинада тағдыр тауқіметін тартса да, алға ұмтылған жандардың табандылығы мен жігері көрсетілген.

Фильмнің басты идеясы – адамның мүмкіндігін шектейтін жағдайлар емес, оның мақсаты мен өзіне деген сенімі. Сарапшылар: «Туынды параспортшылардың өмірі мен жетістіктеріне, түйіні көп түйткілдеріне қоғам назарын аударуға да ықпал етеді», - дейді.  

Сондай-ақ оқыңыз: