Қазақстан экономикасы 2025 жылы 6,5%-ға өсті
Қазақстан экономикасы 6,5%-ға өсті, деп хабарлайды «24KZ».
ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономика 6,5%-ға өскенін айтты
«Құндық мәнде, жалпы ішкі өнімнің ұлғаюы $15 млрд-ты құрады. Бұл ретте инфляция 13% деңгейінде қалыптасты. Орташа айлық жалақы 442 мың теңге деңгейінде қалыптасса, жұмыссыздық жыл бойы 4,6% деңгейінде сақталды», — деп атап өтті министр.
Ол сондай-ақ еңбекақының ЖІӨ-дегі үлесі шамамен 30%-дан асқанын хабарлады. Мақсат – әлемдік орташа көрсеткіш, 40%-ға жету.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз