Ұлттық қор активтері $73,8 млрд-қа жетті 

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев Ұлттық қордағы жинақтар туралы есеп берді, деп хабарлайды «24KZ».

«Ұлттық қордың активтері 2025 жылдың соңында $73,8 млрд-қа жетті, оның ішінде $63,9 млрд-ы – валюталық қордың активтері»,— деді министр.

Одан бөлек, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2026 жылы әр балаға $130,7-ден келсе, 3 жылдың ішінде $370,6 жиналды. Қазір Ұлттық Банкпен бірге осы есеп-шоттардағы пайдаланылмай тұрған қаражатты басқару жайы пысықталуда.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз