Қазақстанда жүк транзитінің көлемі 18%-ға өсті

Фото: depositphotos.com

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев көлік-логистикалық әлеуетті дамытуға және инфрақұрылымды жаңғыртуға егжей-тегжейлі тоқталды, деп хабарлайды «24KZ».

«Көліктің барлық түрлерімен тасымалданған жүк транзитінің жалпы көлемі 39,1 млн. тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 18%-ға өсті. Көлiк-логистика бағыты бойынша еліміздің транзиттік қуатын ашуға бағытталған бірнеше жобалар жүзеге асуда. Мәселен, «Достық – Мойынты» және Алматы қаласының айналма темiржол желiсiнiң құрылысы аяқталса, «Дарбаза – Мақтаарал» және «Бақты – Аягөз» темір жолдарының құрылысы жалғасуда», - деді министр.

Министр жалпы жобалардың жүзеге асуы транзиттік тасымал көлемін 60%-ға ұлғайтуға, ал транзиттік контейнерлік пойыздардың жылдамдығын сағатына 50 шақырымға дейін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл ретте барлық жұмыс түрлерімен шамамен 13 мың км автожол қамтылды, ал Т/Ж және Авиамаршруттарды субсидиялау есебінен 16,7 млн астам жолаушы тасымалданды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз