Елдегі электромобильдер саны бір жылда 55,6%-ға өсті

Фото: depositphotos.com

Қазақстанда электромобильдер саны өсіп келеді. Соңғы бір жылда олардың саны айтарлықтай артқан, деп хабарлайды «24KZ».

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 24 634 жеңіл электромобиль тіркелген. Бұл көрсеткіш соңғы 12 айда 55,6%-ға артты. Өткен жылдың осы кезеңінде елде 15 835 электромобиль есепте тұрған болатын.

Электромобильдердің басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген. Қала үлесіне елдегі барлық электромобильдердің 62%-ы тиесілі — 15 280 бірлік.

Көшбасшы өңірлер қатарында Астана қаласы (2 885 бірлік) және Алматы облысы (1 589 бірлік) бар.

Сонымен қатар электромобильдер елдің барлық өңірінде тіркелгенімен, олардың таралуы біркелкі емес.

Ең төмен көрсеткіш Абай облысында — 78 бірлік, ал Ұлытау облысында — 41 бірлік тіркелген.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз