Қазақстанда электромобиль саны 26,2 мыңнан асты
Елде электр арқылы қозғалатын көліктердің саны 26 мың 200 данадан асты.
Автонарықтағы электромобильдердің үлесі осыдан үш жыл бұрын тек 0,1% болса, биыл 0,5%-ға жетті. Жүргізушілер көбіне гибридті түрін таңдайды, дейді сарапшылар. Азаматтарды үнемділік пен экологиялық артықшылықтары қызықтырады. Елдегі электрлі көліктердің 62%-ы Алматы қаласында шоғырланса, 3 мыңы Астанада тіркелген. Өңірлерде қуаттау станцияларының саны 1200-ге жетті. Нарықта дизельді отынмен жүретін көліктердің үлесі керісінше 1,7%-ға дейін төмендеген.
ЭЛЕКТРОМОБИЛЬ
Жалпы саны - 26 260
Үлесі - 0,5%
62% Алматы қаласында
1200 қуаттау станциясы бар
Әділбек Орынбаев, Қазақстан автокөлік одағының өкілі:
- 1 қаңтардан бастап тамыз айына дейін сатылған автокөліктердің жалпы санының ішінде электромобильдер мен гибридті көліктердің үлесі 4,3 пайызға жетті. Былтырға қарағанда айтарлықтай өсім бар. Азаматтар негізінен электромобильді жүріп тұру шығынының арзандығы үшін таңдайды. Шағын көлемді гидридті көліктерге де сұраныс өте жақсы.