Қызылорда облысында балық аулау көрсеткіші артты
Қызылорда облысында кейінгі бес жылда балық өндірісі 8 есе өсті.
Жергілікті кәсіпорындар заманауи технологияны пайдаланып, балықты қайта өңдеу ісіне ден қойған. Алдағы мақсат - балық өндірісін жылына 16 мың тоннаға жеткізу.
Сырдария мен Кіші Аралды айтпағанда өңірде 200-ден астам өзен- көл бар. Осы су айдындарының басым бөлігі шаруаларға пайдалануға берілген. Кәсіпкерлер ау салып қана қоймай, балық түрін көбейту, экожүйені қалпына келтіру сияқты жұмыстарды атқарып отыр. Қайта өңдеу ісі дами бастады. Сол үшін завод пен цехтарын жаңғыртып, қуаттылықты арттыруға кіріскендер көп.
Ғалымжан Еркебай, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:
- Қызылорда облысында 11 зауыт бар балық өңдейтін. Оның төртеуінде Еурокод, жаңағы сыртқа, шет елдерге балық экспорттауға мүмкіндіктері бар. 2025 жылы бізде 4400 тонна балық экспортталса, осы 2026 жылдың 6 айының өзінде 2 мың 300 тоннадан аса балық экспортқа шығарылды.
Соңғы жылда өңірде жасанды тоған саны екі есе өсті. Бұл мемлекеттік қолдаудың нәтижесі,- дейді мамандар. Биылдың өзінде балық өсірушілер 11 миллион теңге субсидия алған. Қазалы ауданында балық өсіру кешені ашылды. Жоба құны 650 миллион теңге. Инвесторлар 30 жылдан бері қараусыз жатқан тоғандарды қалпына келтірді.
Ертай Бөгенбаев, жасанды тоған шаруашылығының технологы:
- 80 гектар тоғанға 180 мың штук дана аса карп балығын салдық. Бұйырса осы 80 гектар тоғаннан 500 тонна балық аламыз ба деген жоспар бар. Содан кейін жайымен ары қарай келесі жылы басқа келесі тоғандарды қосып, мың тоннаға дейін аламыз ба деген жоспар бар.
Бұл салада биоқорды толықтырып отырудың маңызы зор. Отыз жылдан бері осы міндетті Қамыстыбас балық шаруашылығы атқарып келеді. Мұнда жылына миллионнан астам шабақ өсіріледі. Бағалы балық түрлерін жерсіндіру жұмыстары да жүргізіліп жатыр.
Қылышбек Байбосынов, ихтиолог:
- Жылына 12 миллион сеголетка, 420 мың двухлетка теңізге, Сырдария өзеніне Қамбаш көліне жіберіледі 20 грамм қылып. Сонымен қатар Арал құлмай Аральский шип бекіре бар ғой. Енді сол ол Арал теңізінде жойылып кеткен. Бірақ негізі Балқашта қоры сақталған екен. Содан жеті штук әкеліп, жерсіндіріп жатырмыз.
Бүгінде өңірде тауарлы балық өндірісімен 109 шаруашылық айналысады. Олар жыл сайын 7 мың тоннадан астам өнім алады. Алдағы 3-4 жылда бұл көрсеткішті 16 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр.
Мағауия Қалиев, Райхан Тажибаева, Акан Алиев