Контейнерлік транзит 3,8 есе өсті
Кейінгі 3 жылда теңіз порттары арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағытында контейнерлік транзит 3,8 есе өсті.
Тасымал көлемін ұлғайту үшін су айлақтарының өткізу қуатын арттыру және цифрландыру бағытында тың жобалар жүзеге асып жатыр. Мысалы Ақтау портында жылына 140 мың контейнер қабылдай алатын хаб құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. 2028 жылға дейін оның қуаттылығын 240 мың контейнерге ұлғайту көзделген. Қазақстан мен Өзбекстанның Премьер-министрлері «Орта дәліз» арқылы тасымал көлемін арттыру жолдарын талқылап, Ақтау портына кемелердің қауіпсіз кіруін қамтамасыз ететін жұмыс жоспарымен танысты. Былтыр Ақтау және Құрық порты арқылы өтетін өзбекстандық тауарлар мен жүктерді өңдеу көрсеткіші 60 пайыздан асты.
Ғалым Айтжанов, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК Басқарма төрағасының м.а:
- Контейнерлік жүктің көп тиелуіне байланысты солтүстік теңіз аймағын тереңдету жұмыстарын жасаймыз. Бұл жұмысты биылғы жылдың желтоқсан айына дейін бітіруді көздеп отырмыз. Бұдан басқа бүгінгі таңда «Қазақстан ұлттық теміржол компаниясымен бірлесе отырып цифрландыру жұмыстары жүргзіліп жатыр. Өйткені «Алтынкөл» станциясынан шыққан контейнерлік поезд бізге келемін дегенше электронды құжаттары келіп тұрады.