Әлем банктері жаппай алтын сатып алып жатыр

Түрлі елдердің Орталық банктері жаппай алтын сатып алып жатыр. Алтын жөніндегі бүкіләлемдік кеңес маусымда 51 тоннадан астам қымбат металл қорға салынғанын айтады. Жинаған көлемі бойынша Польша 18 жарым, ал Қытай 15 тоннамен көш бастап тұр.

Бейжің алтын қорын толықтыру үдерісін 20 ай бойы үздіксіз жалғастырып келеді. Сонымен қатар бұл нарықтың белсенді ойыншыларының қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Сингапур, Иордания мен Чехия бар. Ал Ресей мен Түркия маусымда ең көп алтын сатқан елдерге айналды.