7 жылда Қазақстан көлік инфрақұрылымына $35 млрд инвестиция салды
Кейінгі 7 жылда Қазақстан көлік инфрақұрылымына шамамен 35 млрд доллар инвестиция салды.
Қаражат теміржол және автомобиль жолдарын салуға, порттар мен авиациялық инфрақұрылымды, шекаралық өткелдер мен цифрлық логистикалық жүйелерді дамытуға бағытталды. MSN басылымы жариялаған мақалада Транскаспий халықаралық көлік бағытының жаһандық логистикадағы рөлі нығайғаны аталып өтті. Автордың жазуынша, әлемдік өндірушілер мен логистикалық компаниялар балама әрі әртараптандырылған сауда бағыттарын белсенді түрде іздей бастаған. Орта дәліз Азия мен Еуропаны байланыстыратын ең қарқынды дамып келе жатқан құрлықтық маршруттардың біріне айналды. Халықаралық көлік секторының бағалауына сәйкес, кейінгі жеті жылда дәліз арқылы жүк тасымалдау көлемі бес есеге өсіп, былтыр 4 жарым млн тоннадан асты.