2027 жылы әлеуметтік сала мен экономиканы қолдауға 14,4 трлн теңге бағытталады

Фото: depositphotos.com

 2027 жылға арналған республикалық бюджет жобасында шығыстардың негізгі баптары мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қамтамасыз ету және инфрақұрылымдық әлеуетті дамытуға арналады. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев баяндады, деп хабарлайды «24KZ».

Әлеуметтік саланы қаржыландыруға 10,5 трлн теңге немесе бюджет шығыстарының жалпы көлемінің 34,9%-ы көзделген. Алушылар санының өзгеруін және халықты қолдауға жұмсалатын әлеуметтік төлемдерді индекстеуді ескере отырып, қосымша 739 млрд теңге бөлінді.

Экономиканың нақты секторын қолдауға арналған бюджет шығыстары 3,8 трлн теңгені құрайды, бұл – шығыстардың жалпы көлемінің 12,9%-ы, әрі осы жылдың деңгейінен 507 млрд теңгеге артық. Ұлғаю, ең алдымен, ел экономикасы үшін жүйелі маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды жалғастырумен байланысты. Жалпы ЖАО-лардың даму бюджетін қоса алғанда, нақты секторды қолдауға жұмсалатын шығыстар шамамен 7 трлн теңгені құрайды,— деп атап өтті Мәди Такиев.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз