Жыл басынан бері 388 мың адам жұмысқа орналасты
Ал елде жыл басынан бері 400 мыңға жуық адам екі қолға бір күрек тапты.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Осы орайда азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуға басымдық беріліп отыр. 1 тамыздағы дерекке сүйенсек, 293 241 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Яғни жұмысқа тұрғандардың басым бөлігі ұзақ мерзімге табыс көзіне ие болды.
ЕҢБЕК НАРЫҒЫ
1 тамыз 2026 жыл
388 512 адам жұмыспен қамтылды
293 241 адам тұрақты жұмысқа орналасты