«Қызыл аймақтағы» ЖЭО-лар 4 есе қысқарды

Елде «қызыл аймақтағы» жылу электр орталықтарының саны 19-дан 5 нысанға дейін қысқарды. Нәтижесінде жылу беру маусымындағы технологиялық ақаулар саны 32 пайызға азайды. Биыл 2,6 гигаВатт дәстүрлі және жаңартылатын қуат көздерін енгізу көзделген.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған 700-ден аса жоба іске асырылып жатыр. Сумен жабдықтау желілерінің орташа тозу көрсеткіші де едәуір төмендеді. Бұдан бөлек, коммуналдық салаға цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр. Ал газбен қамту деңгейін 2035 жылға қарай 80 пайызға жеткізу көзделген. Қазір ел халқының 65 пайызына табиғи газ қолжетімді. Бұл жұмыстың барлығы Президенттің 2025 жылғы Жолдауында берген тапсырмалары аясында жасалды.

Ернар Хасенов, ҚР Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

- Биыл жылыту маусымына дайындық аясында электростансаларда 9 энергоблок, 55 қазандық пен 51 турбинада күрделі жөндеу іске асырылуда. Жөндеу жұмыстарының қорытындысы бойынша орташа тозу деңгейінің 52 пайызға дейін төмендеуі күтілуде.

Нұрсұлтан Керемқұлов, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары:

- Барлық елдімекендерді ауызсумен толық қамтамасыз ету мақсатында 835 млрд теңге бағытталған болатын. Бұл 1,6 мың жобаларды іске асыруға мүмкіндік берді. 736 ауылда орталықтандырылған су жүйесімен, 30 қаланы орталықтандырылған су жүйесімен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Халқы аз тұратын 699 ауылда кешенді блок модельдер орнатуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ оқыңыз: