Алтын мен күміс қайта арзандады
Халықаралық сауда алаңдарында алтынның бір унциясы 4 мың 50 долларға дейін арзандады, деп хабарлайды 24KZ.
Күміс құны да шамамен бір пайызға түсіп, унциясы 54 долларға жуықтады. Ал платина керісінше қымбаттап, 1542 долларға бағаланды. Сарапшылардың пікірінше, энергия бағасының өсуі инфляцияға қатысты алаңдаушылықты күшейтті. Қазір инвесторлар АҚШ Федералдық резерв жүйесінің ақша-несие саясатына қатысты шешімін күтіп отыр. Сарапшылар: «Реттеуші мөлшерлемені қазіргі деңгейде сақтайды», - деп болжайды.