Президент Үкімет пен Ұлттық Банкке инфляцияны тежеуді тапсырды

Президент Үкімет пен Ұлттық Банкке бірлесіп елдегі инфляцияны төмендетуді тапсырды. «Бағаның өсу қарқыны бәсеңдегенімен, инфляция деңгейі әлі де жоғары», – деді Мемлекет басшысы, деп хабарлайды 24KZ.

Осы орайда Үкіметке экономиканың өндірістік әлеуетін күшейту міндетін жүктеді. Сондай-ақ ол қаржы нарығына жеке тоқталды. Елдегі банктердің активі 75 трлн теңгеден асты. Депозиттердің көлемі 52 трлн теңгеге жетті. Салымдардың 78 пайызы ұлттық валютада сақталған. Осыған орай Мемлекет басшысы Ұлттық Банкті экономиканы дамытуға жол ашатын бастамаларды жүзеге асыруға атсалысуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз: