Қазақстанда шикізаттық емес экспорт көлемі артты: көрсеткіштер қандай?

Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Қазақстанда шикізаттық емес тауар айналымы мен экспорт көлемі айтарлықтай өсім көрсетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

2026 жылдың қаңтар-шілде айларында шикізаттық емес тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға өсіп, 52,2 млрд АҚШ долларына жетті. Шикізаттық емес экспорт көлемі 19,5%-ға артып, 18,6 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы экспорт құрылымындағы шикізаттық емес тауарлардың үлесі 36,5%-дан асты. 

Вице-министрдің айтуынша, Шикізаттық емес экспорттың негізгі бөлігін машина жасау, химия, тамақ және металлургия өнеркәсібі өнімдері құрайды. Әсіресе металлургия саласында айтарлықтай өсім байқалады. Тазартылған мыс пен катодтар экспорты 49%-ға өсіп, 3,38 млрд АҚШ долларына жетті.

Қазақстанның шикізаттық емес экспортының негізгі нарықтары қатарында Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан елдері бар. Сонымен қатар шикізаттық емес экспорттың жетекші бағыттарының қатарына Ұлыбританияға, Тәжікстан және Франция елдері кіреді, - деді Айдар Әбілдабеков.

Бұл жолы шикізаттық емес өнімдер экспортының өсімі уран, күнбағыс майы, бидай ұны және күміс саудасы арқасында жүзеге асты.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: