«Қазақстан темір жолы» тарифтерін 24%-ға дейін қымбаттатпақ

Фото: depositphotos.com

«Қазақстан темір жолы» магистральдық теміржол желісінің қызметіне арналған тарифтерді 21 қыркүйектен бастап көтереді, деп хабарлайды 24KZ apk-news.kz-ке сілтеме жасап.

Тарифтердің өзгеруі 2026 жылғы 2 қыркүйектегі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің бұйрығымен бекітілген. Құжатқа сәйкес, 2026–2027 жылдары тарифтер 23–24%-ға өседі.

Баға өзгерісі мұнымен шектелмейді. 2028 жылы тарифтерді тағы 22%-ға, 2029 жылы 20%-ға, ал 2030 жылы 18%-ға қайта қарау жоспарланған.

Бұл өзгеріс жүк тасымалын ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын магистральдық теміржол желісінің қызметіне қатысты.

Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тасымалдау үшін қолданылатын тарифтер бұрын бекітілген деңгейде сақталады.

Сондай-ақ оқыңыз: